Бос уақытта немен айналысасыз

2024 жылғы 27 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Бос уақытта немен айналысасыз» атты кезекті отырыс өткізілді. Клуб мүшелері бос уақыттарын қалай өткізетіндері туралы әңгімеледі, жаңа сөздермен танысты, жұппен, жеке жұмыс жасады. «Жасырын сөйлемдер», «Кел, жаттығайық», «Сиқырлы жауаптар» сынды тапсырмалар орындалды. Сабақ қызықты әрі тартымды өтті.