Қарттарым – асыл қазынам

2024 жылғы 01 қазанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері кітапхана ардагерлері үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Қонақтар «Тұмар» өнерлі жастар клуб мүшелерінің орындауында өздерінің сүйікті әндерін орындады, студенттер өлең оқып, би биледі.
Т. Л. Рудковская өзінің өткен жұмысы туралы естеліктерімен бөлісті. Мереке бойы кітапхана ісінің ардагерлеріне денсаулық, ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй тілектері айтылды. Мерекенің соңы шай дастарханына жалғасып, ардагерлер көңілді әңгіме құрып, жастық шақтарын еске алып, сүйікті әндерін шырқады.