«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушылары үшін «Адамның анатомиясы: инфекциялық аурулардың алдын алу» атты іс-шарасы өтті. Кітапханашы балаларға түрлі ауруларды қалай танып, алдын алу шаралары арқылы көптеген аурулардан қалай сақтануға болатынын айтып берді. Балалар инфекциялық аурулардың алдын алудың өсіп келе жатқан организм үшін өте маңызды екенін түсінді, олар өз өмірлерін дұрыс ұйымдастыруды (вакцинация, гигиена ережелерін сақтау, шынығу) үйренуі керек. Ж. Акимбаеваның «Денсаулық еліне саяхат» атты кітабы мен «Адам денесі» иллюстрацияланған анықтамасы балаларға денсаулықты сақтаудың түрлі жолдарын табуға мүмкіндік берді.