Пластик қалдықтарға өмір сыйлаймыз

04 қазанда «Ластама, жарат!» қалалық байқауы аясында «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Пластик қалдықтарға өмір сыйлаймыз» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы «Таза Қазақстан» бағдарламасына тоқталып, балаларға табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Клуб мүшелері пластикалық қалдықтарға жаңа өмір сыйлап, бөтелкелерінен пингвин, қоңыз, қайық жасады.