2024 жылғы 8 қазанда «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін қауіпті зұлымдық» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреде автор Г. Сапарғалиевтің Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, Қылмыстық кодексі, сыбайлас жемқорлық көріністері туралы баяндайтын нормативтік-құқықтық актілер мен мерзімді басылымдар ұсынылған.
Ағымдағы жылдың 27 тамыздың «Казахстанская правда» басылымында Әсел Шаяхметтің «Поплатились за бюджетные хищения» деген мақаласында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталған бірқатар шенеуніктерге қатысты қылмыстық істер туралы баяндалады. Осы дереккөзде «Задержаны учредители частных детсадов» деген мақалада Іле ауданында тоғыз жеке меншік балабақшаның құрылтайшыларының ұсталғаны туралы баяндалады. Автор Қабдулсамих Айтхожиннің мақаласында қазақстандық конституциялық құрылыстың тәжірибесі туралы айтылған.
Құрметті оқырмандар! Біз сіздерді кітапханаға көрме материалдарымен толығырақ танысуға шақырамыз.