Қазақтың ұлттық ойындары

9 қазанда «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Қазақтың ұлттық ойындар» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға Б. Жұмабайұлының «Қазақ балаларының байырғы ойындары», «Қазақтың той ойындары», «Қазақ салт-дәстүрлері» кітаптарын ұсынып, ұлттық ойындар жайлы жалпы түсінік берді. Үйірме қатысушылары ұлттық ойындардың түрлерімен танысып, «Ханталапай», «Алшы», «Бүк-шік асық» ойындарын ойнады.