Каталогтар мен картотекалар

9 қазан күні «Западный» кітапхана-филиалында КИПК 1 курс студенттері үшін «Каталогтар мен картотекалар» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында каталогтар мен картотекалардың түрлері туралы түсінік беріліп, каталогтар мен картотекаларға арналған карточкаларды толтыру ерекшеліктеріне де назар аударылды. Студенттер алфавиттік, жүйелік каталогтармен, картотекалармен практикалық тапсырмаларды орындады.
Іс-шара соңында «Энциклопедиялар мен сөздіктер – сенің оқудағы адал көмекшілерің» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.