№ 22 ОМ 8 «Д» сынып оқушылары үшін «Северный» кітапхана-филиалында «Кітапхана ақпаратын іздеу құралдары: каталогтар, картотекалар, индекс» атты кітапхана сабағы өткізілді. Іс-шараның басында оқушылар «Каталог», «Индекс» ұғымдарымен танысып, карточкалық каталогтың құрылымы туралы білді. Іс-шараның барысында балалар анықтамалық басылымдармен танысты, энциклопедияларда, анықтамалықтарда және сөздіктерде ақпаратты іздеу тәсілдері туралы айтылды. Алфавиттік және жүйелі каталогтарды қолданып, балалар өздеріне қажетті кітапты оңай таба алды. Сондай-ақ олар «ББК», кітаптарды қалай дұрыс орналастыру туралы білді.
Іс-шара соңында балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.