Таза аула – таза аудан

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Западный» кітапхан-филиалының қызметкерлері «Таза аула – таза аудан» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырды. «Военный городок» ауданының көшелеріне шығып, аудан тұрғындарына өз аулаларында, көшелерінде тазалық сақтауға кеңес беріп, «Таза Қазақстан» бетбелгілер мен бүктемелерді таратты. Кітапханашылар кітапхана ауласын қоқыстардан тазалап, сенбілік өткізді.