«Ластама, жарат!» кітапханашылар мен оқырмандардың бірлескен шығармашылық байқауы аясында А. С. Пушкин ат. ҚБК қалдық материалдан қолөнер жасау бойынша «Қоқыс үйіндісінен – керемет заттар» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында кітапханашы қатысушылардың назарын күнделікті өмірде адамдар өздері байқамай, көптеген қызықты заттар мен материалдарды қоқыс жәшігіне тастайтынына аударды. Мұқият қарасақ, әдеттен тыс нәрсеге айналдыруға болатын қоқысты табамыз.
Сабақ барысында жас шеберлер түрлі материалдардан: жаңғақ қабығынан, картон қағаздан қолөнер дайындады.
Өткізілген сабақтың нәтижесінде балаларда қалдық материалды пайдалану мүмкіндігі туралы идеялар қалыптасты.