11 қазанда «Западный» кітапхана-филиалында «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Қоқыстан заттар жасау» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы балаларды әртүрлі қажетсіз заттармен таныстырып, олардан қызықты қолөнер жасауға болатынын түсіндірді. Үйірме қатысушылары сары пластик пакеттерден «күн сәулесін» және бір рет қолданылатын қасықтар мен бөтелке қақпақтарынан «ромашка» жасады.