Балалар бағының бағбаны

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері республикалық «Бір ел – бір кітап» акция аясында шығармалары таңдалған, балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақпаевтың 100 жыл толуына орай «Балалар бағының бағбаны» атты жазушы бенефисін өткізді.
Іс-шара барысында Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат берілді. Жазушының балалық шағы мен шығармашылығы туралы бейнеролик пен «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді. Балалар викторина сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында «Қазақтың дара жазушысы» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.