Қазақстан – туған жерім, туған елім!

15 қазанда «Западный» кітапхана-филиалында ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттері үшін Республика күніне арналған «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты кездесу өткізілді. Кітапханашы Республика күнінің тарихы туралы мәлімет берді. Іс-шараға А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, өнер кафедрасының аға оқытушысы, әнші, домбырашы, «Шабыт» сыйлығының лауреаты Амирхамзин Наурызбай және айтыскер-ақын, «Жайдарман» лигасының жетекшісі Алкебаев Бақытжан шақырылды. Олар егемен елімізге қосқан жетістіктері туралы айтты. Бақытжан Абайұлы туған елге, жерге арнап шығарған өз туындыларын оқыды. Наурызбай Хасенғалиұлы мерекеге арнап ән-күйлерін тарту етті.
Сонында кітап көрмеге шолу жасалды.