Жырымен елін қуантқан

2024 жылғы 15 қазанда Н. Островский ат. ОҚК ақын, көсемсөзші-журналист, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А. Қ. Шаяхметпен «Жырымен елін қуантқан» атты кездесу кеш өткізілді.
Кездесу кешіне айтыскер С. Өтелбаева, акын Б. Анқауов және Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПИ мен ҚГК студенттері, жалпы жыр сүйер қауым қатысты. Қаламгер студенттердің қойған сұрақтарына барынша ашық, шынайы жауап беруге тырысты. Ақынның «Ана тілім», «Күзгі көңіл», «Досқа тілек», «Көлеңке», «Жаратқан Алла ғаламды» т.б. өлеңдерін «Жас жалын» шығармашылық студиясының және «Тұмар» өнерлі жастар клубының мүшелері оқыды. «Мирас» мәдениет үйінің әншісі Б. Мәженов Ақылбек Қожаұлының сөзіне жазылған «Қостанай», «Әдемі» әндерін көпшілікке тарту етті.
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет кітапхана қорына «Үміт. Сенім. Арман» атты жаңа кітабын сыйға тартты. Оқырмандар назарына «Ақын – елдің ардағы» атты кітап көрме ұсынылды.