Еңбек – бәрін жеңбек

«Станционный» кітапхана-филиалында Қазақстандағы Еңбек күніне арналған «Еңбек – барын жеңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Еңбек – адамның өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға бағытталған адамның қызметі. Көрмеге «Қостанай облысы. Алтын дала» энциклопедия, «Еңбек ерлері», А. Ермолович «Тарих парақтары», С. Парманқұлов «Қамшат апай» және басқа да түрлі мамандар, еліміздің әр өңірінен келген табысты адамдар, еңбек ардагерлері туралы кітаптар және мерзімді басылымдардағы мақалар ұсынылды.