Таза өлке

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «АманжолKZ» ЖШС қатысуымен «Таза өлке» атты экологиялық сенбілігін ұйымдастырды. Кітапханашылар «Солнечный» шағын ауданының көшелеріне шығып, шағын аудан тұрғындарынан өз аулалары мен балалар алаңдарын таза ұстауды сұрады, «Таза Қазақстан» жадынамаларын таратты. Содан кейін олар сенбілік өткізіп, кітапханаға іргелес аумақты жапырақтар мен қоқыстардан тазартты.