Айналамыздағы әлем

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Халықаралық ақпараттандыру күні аясында № 23 орта мектептің 7 «М» сыныбының оқушылары үшін «Айналамыздағы әлем» атты мейірімділік сабағын өткізді.
Шара қонағы – үстел теннисінен ішкі ағзалары трансплантациясынан өткен спортшылар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, үстел теннисінен спорт шебері Лаура Табажанова. Бұл нәзік қыз – өзіне деген сенімділік, ерік-жігер және өмір сүруге деген құштарлық сізге мүмкін емес болып көрінетін нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беретінінің мысалы. Лаура балаларға өзінің спорттық мансабы туралы айтып берді. «Мен толыққанды өмір сүремін, мен ешқашан берілмеймін және өзімнің оптимизмімді басқаларға жұқтыруға тырысамын», – Лаура Табажанованың ұраны.
Келесі кезекте кітапханашы балаларға инклюзивті мәдениет, айналасындағы адамдарға деген жақсы қарым-қатынас, өзара көмек, мейірімділік, сезімталдық, сыйластық сезімдерін дамыту қажеттігін айтты.