Халықтардың тату отбасы

Рухани келісім күні аясында «Қонай» кітапхана-филиалында «Халықтар тату отбасы» атты ақпараттық іс-шара өткізілді. Кітапханашы елімізде бұл мереке 1992 жылы Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің бірінші сессиясы аясында тойлана бастағанын атап өтті. Сондай-ақ ол әр өңірде ұлттық мәдени орталықтардың бар екенін айтты.
Соңында Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды.