2024 жылғы 18 қазанда «Северный» кітапхана-филиалында Республика күнін мерекелеу аясында «Достығымыз берік болсын» атты мерекелік отырыс өтті. Іс-шараға «Мугунхва» ҰКК, «Женщина Осень» қызығушылық клубы және «Казачья воля» орыс, казак және славян әндерін сүйетіндер клубы қатысты. Кітапханашылар Республика күнінің пайда болу тарихына баса назар аударып, бұл мереке қазақстандықтардың сүйікті мерекелерінің біріне айналғанын атап өтті. Іс-шара барысында «Мугунхва», «Казачья воля» ансамблінің солистері орындауында әндер шырқалды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен Тазагүл Абдыкаримованың орындауында халық әндері шырқалды.