Өмір сүруге көмектесетін кітаптар

2024 жылғы 17 қазанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттеріне ақпараттық онкүндікке арналған «Өмір сүруге көмектесетін кітаптар» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Олар «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі және мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдыры туралы әңгімеледі. Көрмеге классикалық, заманауи, отандық және шетелдік авторлардың көркем шығармалары, газеттер мен журналдардағы мақалалар қойылған. Кітапхана қызметкерлері Н. Келімбетовтің «Өмір өзені», Н. Островскийдің «Болат қалай шыңдалған», В. Короленконың «Соқыр музыкант», Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы хикая», Гюго В. «Нотр-Дам соборы» және басқа авторлардың кітаптарына шолу жасады. Кітапханашы бұл шығармалардағы басты кейіпкерлердің өмірдегі қиын жағдайларға қарсы рухы мықты болып шыққанын атап өтті. Оқушылар ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытып, алған әсерлерімен бөлісті.