Сен білесің бе?

Осыдан 33 жыл бұрын жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дүниеге келгені туралы хабар дүние жүзіне тарады. Республика күні 25 қазанда тойланады. «Қонай» кітапхана-филиалында «Сен білесің бе?» атты зияткерлік ойыны өтті. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдады. Ойынға екі команда қатысты. Кітапханашы ойын ережесін еске салды. Ойын үш турдан тұрды. Команда капитандары қораптан сұрақтар алды. Ойын сұрақтары еліміздің атаулы даталарына, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне байланысты әртүрлі болды. Ойын соңында «Болашақ» командасы жеңіске жетті.