Балалар бағының бағбаны

«Қонай» кітапхана-филиалында «Балалар бағының бағбаны» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті. Кітапханашы Б. Соқпақбаевтың шығармалары жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға таңдалғанын еске салды. Қатысушыларға Б. Соқпақбаев туралы кітаптар мен мақалалар сыйға тартылды. Балалар «Менің атым Қожа» әңгімесі бойынша өз әсерлерімен алмасты. Әңгіменің басты кейіпкерінің өміріндегі күлкілі сәттерді еске түсірді.