Ағымдағы жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында профессор, философия ғылымдарының кандидаты Юрий Яковлевич Бондаренкомен кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.
Шара басында кітапханашылар 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, республикамыздың жеке тәуелсіз ел болғанын тілге тиек етті.
Юрий Яковлевич Бондаренко өзінің өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, басылымдарымен таныстырды. Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезеңдері, бүгінгі таңда еліміздің қалай дамып келе жатқаны, қандай табыстарға қол жеткізгені туралы сұрақтарға жауап берді. Оқырмандар әртүрлі елдердің мәдениеті туралы әңгімеге белсенді қатысты.