«Экономикалық егемендік символы»

Ұлттық валюта күні қарсаңында ағымдағы жылдың 4 қарашасында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Экономикалық егемендік символы» кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде кітапхана қорынан кітаптар мен журналдар ұсынылған. Ж. Бекболатұлының биылғы жылғы «Мысль» басылымындағы мақаласында еліміздің банк-несие жүйесінің қалыптасуы туралы айтылған. Сол автордың «Алгебра и гармония финансов» атты мақаласында жанр ретiнде қаржы әдебиетiнiң тақырыбы баяндалады. Андрей Ждановтың «Главная цель – повышение качества жизни» мақаласында ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында белгілеген атқарушы билік пен мемлекеттік қызметшілердің бірінші кезектегі міндеттері туралы айтылған. Авторлар Сабден О.С., Арменский А.Е. және т.б. кітабында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың орнықты дамуына ықпал ететін бірыңғай экономикалық кеңістік құру проблемасы қаралады.
Көрмеге ұсынылған материалдар барлық оқырмандар үшін пайдалы болады. Танысқысы келетіндерді біздің кітапханаға шақырамыз.