2024 жылдың 8 қараша Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Гендерлік тендікке қол жеткізу» атты кітап көрмесің ұйымдастырды. Көрмеде Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру бойынша материалдар, сонымен қатар кітаптар, мерзімді басылымдар қойылған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, бұл гендерлік теңдіктің негізгі қағидасы болып табылады.
«Қазақстандағы әйелдер қозғалысы әлеуметтік жанғырудың көрінісі» кітабында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуында, соның ішінде гендерлік саясатты енгізуде айтарлықтай рөл атқарған әйелдер туралы ашық көрсетілген. С. Мұқановтың «Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» сияқты көркем шығармасындағы кейіпкерлерінің образдары арқылы әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлі ашылады. Ә. Құсайынқызы «AQIQAT» журналындағы «Ақысыз енбекті азайту – гендерлік тендіктің бір факторы» атты мақаласында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі отбасындағы теңдікті жақтайтындығын баяндайды.
Көрме қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін әйелдер үшін мотивация көзі болып табылады.