15 қарашада «Северный» кітапхана-филиалында әскери қызметкерлері үшін «Теңге – мемлекет символы» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында теңгенің пайда болу тарихы, бұрын қандай ақшаның пайдаланылғаны, неліктен теңге осылай аталып кеткені жайлы мағлұмат берілді. Әскери қызметкерлер назарына Қазақстанның ұлы адамдары бейнеленген банкноттар мен монеталар жинағы ұсынылды. Қатысушылар сыртқы өзгерістерге назар аударып, ағымдағы ақша белгілерімен салыстырды.
Сонында кітап көрме ұсынылды.