Ежелгі Қостанай
Рухани жаңғыру бағдарламасының «Менің Қостанайым» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі» РММ қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарына арналған «Ежелгі Қостанай» тарихи туры өтті. Археологиялық зерттеулер аймақтың қоныстануы ерте палеолит дәуірінде басталғанын дәлелдейді. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Мұханбетқали Таңшолпан Зияденқызы мен Қуанышбай Аружан Алтынбекқызы айтып, «Қызықты археология» және «Тобыл жағалауындағы қала» жылжымалы экспозицияларына шолу жасады. Іс-шараға сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы ҚАУ археологиялық зерттеулер зертханасының қызметкері Алмас Арманұлы Жалелов қатысты. Өз сөзінде ол Қостанай мен жақын жердегі елді мекендердің аумағынан табылған зертхана жұмысы мен археологиялық олжалар туралы айтып берді.