Бір минутта оқу

Облыстық «10-шы аймақ ОҚИДЫ» акциясы аясында «Дружба» кітапхана-филиалында «Бір минутта оқу» атты флешбук өткізілді. Кітапханаға келушілердің назарына акцияны өткізу туралы ақпарат берілді, «БІРГЕ ОҚИМЫЗ! ДАУЫСТАП ОҚИМЫЗ!» тақырыптық сөре рәсімделді, онда қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары қойылды. Әркім кітапты алып, бір минут ішінде кез-келген кітаптан үзінді дауыстап оқи алады. «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа» және басқа да шығармалардан қазақ және орыс тілдерінде жолдар айтылды.