#ОқыЖәнеЖең

2025 жылдың 9 қаңтарында Н. Островский атындағы кітапхана қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» КММ «#ОқыЖанжеЖен» облыстық онлайн байқауын насихаттау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кітапхана қызметкерлері жиналғандарға байқаудың мақсаты: қала тұрғындарының назарын заманауи тұлғалардың кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесіне аудару керек екенін түсіндірді. Ережемен, ережелерімен таныстырып, электронды презентация көрсетілді. 2024 жылғы байқау қорытындысына тоқталды. Байқауда 2-орынға ие болып, сыйақы ретінде 100 мың теңге алған 9 «А» сынып оқушысы Әуехан Айша жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Мұғалімдер ұжымы мен оқушылар онлайн оқу байқауына қызығушылық танытты.