«Президенттің Жолдауы: күн сайын»

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті халыққа кезекті Жолдаумен жүгінеді, онда ел дамуының таяудағы перспективалары айтылады. «Дружба» кітапхана-филиалының оқырмандарының назарына ұсынылған «Президенттің Жолдауы: күн сайын» атты кітап көрмесі дәл осы оқиғаға арналды. Аталған көрмеде ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы, ҚР Конституциясы, егемен Қазақстанның тарихы туралы кітаптар қойылған. Сондай-ақ, көрмеде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің Президентімен сұхбаттарына шолулармен мерзімді баспасөз материалдары, Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру туралы мақалалар, саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Амребаевпен «Мемлекетті әділдік қағидаттарында қалай құруға болады» және «Біз әділ мемлекет қалыптастыру жолындамыз» сұхбаттары және т.б. ұсынылған.