Әбдезұлы, Қансейіт. Абай және Тәкен


Әбдезұлы, Қансейіт. Абай және Тәкен [Мәтін] : [ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығын зерттеген жазушы Т. Әлімқұлов туралы] / Қансейт Әбдезұлы ; коллажды жасаған – Алмас Манап, «EQ» // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2024. – 8 тамыз. – Б. 9.

Аннотация

Мақаланың авторы оқырман назарын Әуезовтің шәкірт-досы, қазақ прозасына өлшеусіз үлес қосқан жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі Тәкен Әлімқұлов осыдан жетпіс жыл бұрын Абай шығармашылығын зерттеуге ат басын бұрғанына аударады. 1954 жылдың алғашқы айларында Абай поэзиясының көркемдік құндылықтары, жаңашылдығы, тұтас қазақ поэзиясына, күллі қазақ әдебиетіне, руханиятына жасаған әсер-ықпалы, тарихи миссиясы туралы тұңғыш ой-толғамдарын қағаз бетіне түсіре бастаған. Алдымен алғашқы үзінділерін газет беттерінде жариялап алған соң, осы дүниесін үлкен мақалаға, тұтас зерттеу еңбегіне айналдырып, 1958 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген «Жемісті жолда» атты тұңғыш әдеби-сын мақалалар жинағына енгізді.