«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Кітап – асыл қазынам» сабақ-байқауы өткізілді. Кітапханашы балаларға кітапхана – бұл кітап үйі, оның есігі әрдайым оқуға, өздеріне және жанға жаңа нәрсе ашуға дайын адамдар үшін ашық екенін айтты. Үйірме қатысушылары байқауларға қатысу үшін 2 топқа бөлінді: «Сұрақ-жауап», «Ойлан және тап», «Көңілді олжалар», «Мақал-мәтелдерді жалғастыр». Әрі қарай балалар кітапханашының тапсырмасы бойынша үйде оқылған кітаптар туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында балаларға Т. Альжанттың «Базарлық», Б. Болатхановтың «Менің жасыл әлемім», Б. Қойшыбаевтың «Ғажайып бақ», Б. Рысбековтың «Ізгілік тұралы ертегі», Н. Сәтбаевтың «Әлканың күміс тұмары» және т. б. қызықты және танымдық кітаптары ұсынылды.
