Көңілді аққала

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті, онда балалар қыс айларында болатын ойын-сауық туралы айтты. Іс-шара барысында балалар «Балдырған», «Айгөлек» журналдарының материалдарын, Э. Дэвид «Холодное сердце», «Времена года» орыс ақындарының өлеңдер жинағын пайдалана отырып, қыс және қысқы ойындар туралы жұмбақтар шешті. Содан кейін балалар түрлі-түсті қағаздан көлемді аппликация – көңілді аққала Олафты жасады. Барлық жұмыстар ерекше, қызықты болды. Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.