Бір ел-бір кітап

Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Дружба» кітапхана-филиалында аттас тақырыптық сөре рәсімделді. Биыл акцияға қазақстандық жазушылар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің кітаптары қатысуда. Тақырыптық сөреде акцияның тарихы мен акцияға алғаш қатысқан кітаптар туралы баяндайтын «Бір ел – бір кітап» жинағы ұсынылған. Оқырмандар жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолдары мен марапаттары туралы «Қазақ әдебиеті» және «Литература Казахстана» энциклопедиялық анықтамалықтарынан біле алады. Сондай-ақ тақырыптық сөреде авторлардың шығармалары – Тәкен Әлімқұловтың сегіз томдығы, оның «Музыкальная душа» және «Черногривая волчица» кітаптары, Жұмекен Нәжімеденовтің «Тебе говорю, потомок!» өлеңдер жинағы, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар – «Ел таңдауы – Жұмекен мен Тәкен» (ANA TILI. – 2025. – 9 қаңтар. – Б. 2), Жәнібек Әлиманның «Екі теңіз» (EGEMEN QAZAQSTAN. – 2024. – 17 шілде. – Б. 9) және басқалар.
Барлық оқырмандарды осы тақырыптық сөренің материалдарымен танысуға және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз.