Латын әліпбиі: қызықты және танымды

2025 жылғы 7 ақпанында «Станционный» кітапхана-филиалында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ тәрбиеленушілеріне «Латын әліпбиі: қызықты және танымды» атты танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашы латын әліпбиіне көшу туралы шешім Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуының кезекті кезеңі мен уақытынан туындағанын атап өтті.
Іс-шара барысында жас ұрпақ үшін кириллицадан латын әліпбиіне көшу проблема болмайтыны белгілі болды, өйткені балалар мектептерде ағылшын тілін үйренеді. Кітапханашы қатысушыларға латын графикасында өз аты-жөні, сондай-ақ қала атауларын жазуды ұсынды. Іс-шараға қатысушылар «Жұмбақ киіз үй» ойынын ойнады. Мақал-мәтелдерде жетіспейтін сөз енгізіліп, қазақ тіліне аударылды. Содан кейін латын әліпбиіндегі белгілі қазақ шығармаларының атаулары оқылды. Қатысушылардың назарына презентация ұсынылып, «Ана тілі – ата-баба мұрасы» кітап көрмесіне шолу жасалды.