Басылымдарды ретімен орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкерлері «Басылымдарды ретіменорналастыру. Кітапхана қорын есепке алу» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында қорды есепке алу ұғымы айтылды – бұл қордың көлемі, құрамы мен қозғалысы туралы мәліметтерді тіркеуді, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ететін операциялар кешені.

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің маманы КБК және қордың орналасуы туралы айтып берді. Алған білімдерін бекіту бойынша практикалық сабақтар өткізді. Әр кітапханашыға жеке тапсырма берілді. Мысалы, «Дұрыс жауапты тап», бір және бірнеше авторлардың шығармалары бойынша карточкалардың дұрыс орналасуы туралы және авторлардың шығармаларының басылымдарындағы карточкалардағы реттік нөмір туралы «Еске түсір».

Соңында жас кітапханашыларға кітап қоры мен КБК-ны зерделеу тапсырылды.