Шығыстың көрнекті ойшылы

Биыл Қазақстанда және бүкіл әлемде Шығыстың ұлы философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Бұл ғалым әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосты.
Н. Островский ат. ОҚК «Шығыстың көрнекті ойшылы» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде философтың еңбектері, оның логика, музыка және жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттары ұсынылған. М. Құл-Мұхаммедтің «Әл-Фараби» кітабы ұлы ойшылдың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған. Қ. Байпақовтың «Великий шелковый путь на территории Казахстана» кітабында өңірдің карталары мен иллюстрациялары ұсынылған, Шығыс Аристотелінің өмір сүрген және жасаған атмосферасын бейнелеуге көмектеседі. Қазіргі ғалымдар әл-Фарабидің идеяларын да назардан тыс қалдырған жоқ. Көрмеде Сания Ғалиеваның «Великий тюрок из Отрара» (Простор. – 2024. – №1) және Михаил Алейниковтың «Медико-философские воззрение Аль-Фараби» (Мысль. – 2024. –№6) мақалалары ұсынылған.
Барлық ниет білдірушілерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.