«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Жұмысшы мамандықтар жылы аясында № 9 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушылары үшін «Жұмысшы мамандықтар әлемінде» атты кәсіптік бағдар беру сағатын өткізді.
Кітапханашы мамандықтардың алуан түрлілігі және олардың адамдар үшін маңыздылығы туралы айтып берді. Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтылды. Балалар қандай мамандықтарға артықшылық беретінін айтып, журналист, агроном, дизайнер, дәрігер сияқты мамандықтарды тізіп берді.
Соңында «Барлық мамандықтар жақсы, қалағаныңды таңда» тақырыптық сөресіне шолу жасалды. Б. Малышевтың «Электросварщик», П. Федоровтың «Любитель печник» және т. б. кітаптар ұсынылды.
