Жыр алыбы Жамбыл

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде домбырасы бар дана ақсақалдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, уақыт туралы лирикалық, философиялық өлеңдер мен айтыстар, халық поэзиясы мен жазбаша әдебиет арасындағы алтын көпірге айналған Жамбыл ақынының тарихи-эпикалық дастандары қойылған. Көрмеде 10 томдық шығармалар жинағы ерекше орын алады, «Халық – менің шын атым», «Туған елім», «Я – тополь столетний» және т. б. Отанға деген сүйіспеншілікке толы жинақтар ұсынылған.
Құрметті оқырмандар, сіздерді көрмеде ұсынылған материалдармен танысуға шақырамыз.