«Қостанай жерінің туған кеңістігі» – бұл А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасын оқырмандарының назарына ұсынылған кітап көрмесі. Көрмеге қойылған әдебиеттер өлкенің тарихы мен қалыптасуы, облыстың маңызды тарихи оқиғалары туралы баяндайды. Көрмеде мемлекет және қоғам қайраткерлері, өмір жолы мен шығармашылық қызметі Қостанай облысымен тығыз байланысты атақты мерейтойлар туралы кітаптар ерекше орын алады: қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлиханов; жазушы, ақын және журналист Міржақып Дулатов; Кеңес Одағының Батырлары Сұлтан Баймағамбетов пен Илья Сянов. Келесі мерейтой иелердің өмірі туралы шығармалар оқырмандар үшін үлкен қызығушылық тудырады: С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», «Сұлтан Баймағамбетов», «Аққан жұлдыз.Шоқан Уәлиханов=Блестящий метеор.Чокан Валиханов», И. Дьячковтың «Наши звёздные и беззвёздные герои». Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы және т. б. ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Құрметті оқырмандар кітап көрмесінің материалдарымен жыл бойы таныса аласыздар.
