Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттеріне, 28 батыр-панфиловшылардың ерлігіне арналған «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» деректі бейнефильмін тамашалауды ұсынды.
Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында өтті. Бейнеролик: Көкшетаулық М. Ғабдуллин, Алматы облысынан П. Вихрев, Ақтөбелік А. Мұхамедьяров, Семейлік Б. Жетпысбаев, Алматылық А. Жаманбеков және т.б. қазақстандықтардың қаһармандық ерлігін көрсетеді. Шараға қатысушылар бұл бейнероликті тамашалау барысында алған әсерлерімен бөлісті. Олар Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктері олардың жүректерінде мәңгі сақталатынын, бүгінгі амандық пен бейбітшілік жоғары бағаланатынын атап өтті. Бейнебаянды көру өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал етті.
Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары
