Н. Островский ат. ОҚК ұжымы үшін 2025 ж. 25 ақпаны сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы күрес бойынша Қостанай қалалық ІІБ-нің полиция аға лейтенанты Сайынұлы С. Т. жиналғандарға алаяқтық әрекеттердің алдын алу шаралары туралы айтып берді. Мысалы: банк картасының деректемелерін, парольдерді, кодты, ЖСН және жеке куәлік нөмірлерін жария етпеу; онлайн сатып алулар үшін алдын ала төлем жасамаңыз, күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, электронды нысандарды толтырмаңыз және басқалар. Полиция қызметкері кітапханашылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында жиналғандардың әрқайсысына «Алаяқтардан сақ болыңдар!» атты жадынамалар табыс етілді.
Білу маңызды!
