Құрметті мамандық – құрылысшы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Западный» кітапхана- филиалында құрылыс колледжінің қабырғасында № 18 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушыларына арналған «Құрметті мамандық – құрылысшы» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы бастамасы туралы айтып берді. Бұл бастаманың мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, жастарды осы салаға тарту және еңбек нарығы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау болып табылады. Колледж қызметкері колледжде оқуға болатын мамандықтар туралы айтып, колледж туралы бейнеролик көрсетіп, оқушыларға экскурсия өткізді.
Сонында «Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары» тақырыптық сөресі ұсынылды.