Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері 2025 жылдың 26 ақпанында Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Біздің ортақ үйіміз» атты достық мерекесі өтті.
Шара «Жұлдыз» домбыра студиясы қатысушыларының орындауымен басталды. Кітапхана қызметкерлері жиналғандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы айтып берді. Жиналғандар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» сыйлығының лауреаты, № 1 мектеп-лицей директорының орынбасары Р. Ж. Мырзагалиев баяндама жасады.
Электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Әр ұлттың өкілдері: украиналық «Подруги» ән ансамблі, Розалина Коканова музыкалық нөмірлерді орындады. «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Мереке «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.
Біздің ортақ үйіміз
