Шыңғыс хан – Әлемді шайқаушы

Моңғол империясының ұлы ханы Шыңғысханның туғанына 870 жыл толуына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Шыңғыс хан – Әлемді шайқаушы» тақырыптық сөресі рәсімделді. Онда «Қазақстан тарихы» энциклопедиясынан материалдар, Б. Көмеков пен А. Ғалиевтің «Шыңғыс хан», Т. Сұлтановтың «Чингизхан и его потомки» және «Золотая орда», К. Бегалиннің «Ханы Золотой орды» кітаптары, сондай-ақ мерзімді басылымдарынан алынған мақалалар ұсынылған: К. Хавизованың «Воспитание детей Чингизхана» (Мысль. – 2023. – № 5), Л. Барлыбаеваның «Мухали Ноян полководец Чингизхана» (Мысль. – 2021. – № 4), И. Прохоровтың «Предки Чингисхана из рода мугул» (Казахстанская правда. – 2024. – 3 декабря) және т. б.