«10 аймақ ОҚИДЫ» облыстық акциясы және «Оқитын балалар – гүлденген Қазақстанның болашағы» жобасы аясында «Дружба» кітапхана-филиалында «Оқуға арналған минут» флешбук өткізілді.
Кітапханаға келушілердің назарына акцияның өткізілуі туралы ақпарат берілді, Ұлы Отан соғысы туралы шығармалар қойылған аттас тақырыптық сөре рәсімделді. Әркім кітапты алып, бір минут ішінде кез-келген кітаптан үзінді дауыстап оқи алды.
Кітапханада соғыс жылдарындағы әндер шырқалды және Б. Момышұлының «За нами Москва», И. Шмерлингтің «Дети Ивана Соколова», Қ. Қайсеновтың «Партизанские тропы», К. Симонов, Э. Асадов, А. Ахматова, Н. Ковтунның және басқалардың өлеңдері оқылды.
