«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Г. А. Капекова «Өрнек жолы», Ә. Тауұлы «Қазақ салт-дәстүрлері, Сен білесің бе? «Ұлттық ою-өрнектер», «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітаптарынан алынған материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұлттық ою-өрнек түрлерімен, шығу тарихымен таныстырды. Кітапханашы балаларға халқымыздың асыл мұрасын құрметтеу керектігін айтты, өйткені эстетикалық талғамды тәрбиелеу өте маңызды. Сабақ барысында балалар түрлі-түсті қарындаштармен ою-өрнектердің суретін салды. Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері
