Көктемнің ең мейірімді және нәзік мерекесі, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында кітапхана оқырмандарының әдемі жартысының өкілдері үшін «Сен әйелсің, демек сен әдемісің!» әдеби отырыс ұйымдастырылды.
Кітапханашылар оқырмандарды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтап, оларға денсаулық, отбасылық амандық тілеп, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға және нығайтуға берілген әйел екенін атап өтті. Мерекенің тарихы және оны әлемнің түрлі елдерінде қалай атап өту керектігі туралы айтып берді.
Қатысушылар қостанайлық ақын Александра Суслованың «Мы встретились глазами удивлёнными», «Спасибо, жизнь, за радостные взлёты», Джек Алтаузеннің «Ты живёшь во мне не остывая», Сергей Есениннің «Письмо матери», Александр Пушкиннің «Зимний вечер», «Я помню чудное мгновенье» шығармаларын оқыды.
Іс-шараға «Махаббат, нәзіктік пен қамқорлықтың символы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сен әйелсің, демек сен әдемісің!
