А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің қатысушыларына «Ұлттық тағам – ұлттық бренд» этнографиялық шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Кездесудің қонағы болған «QAZAQ BREND» ұлттық өнімдерінің негізін қалаушы, кәсіпкер Кәкімбек Гүлнұр Өміржанқызы қазақтың ұлттық тағамдарының шығу тарихына тоқталып, жасалу технологияларын көрсетті. Сондай-ақ кездесу барысында қызметкерлер танымдық викторина өткізіп, қазақтың ұлттық тағамдары жайында түсініктерін молайтатын аспаздық кітаптармен түрлі тағамдардың мәзірі жайында мәлімет беретін кітап көрмесін жасақтады. Көрмені шебердің «QAZAQ BREND» тауарлары толықтырып, қатысушалар оларды шынайы көруге және дәм татуға мүмкіндік алды.
Ұлттық тағам – ұлттық бренд
