Қош келдіңіз, Наурыз!

Наурыз мерекесі қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Қош келдіңіз, Наурыз!» атты тақырыптық сөре рәсімделді. Осы тақырыптық сөреде Т. Молдағалиевтің, Т. Бейсембектің, О. Асқардың Наурыз мерекесіне арналған өлеңдері, дәстүрлі салт-дәстүрлер, ойындар мен тағамдар туралы әңгімелейтін «Сен білесің бе?» сериясының кітаптары, С. Кенжеахметұлының «Жеті қазына» үш томдығы, сондай-ақ осы жанданған мерекенің тарихы туралы баяндайтын мерзімді басылымдардан алынған мақалалар: Г. Хиничтің «Праздничное обновление» мақаласы, Б. Әлжанованың «Великий праздник Наурыз» және т. б.